Қазақстандық фристайлшы АҚШ-та өткен турнирде алтын иеленді
Қазақстандық фристайлшы АҚШ-та өткен турнирде алтын иеленді
5,125
оқылды
2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышева америкалық Дир-Вэллиде фристайл-могулдан FIS Open халықаралық турнирінде алтын жеңді. Галышева 81,63 ұпаймен бірінші орынды иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. ⠀ Күмісті АҚШ өкілі Авиталь Кэрол (79,69) жеңді. Үздік үштікті оның отандасы Элизабет Лэмли (77,76) жапты. Қазақстандық Аяулым Амренова мен Анастасия Городко 15-ші және 41-ші орындарды иеленді. ⠀ Ал ерлерде подиумды АҚШ өкілдері бөлісті. Бірінші Джоэль Хедрик болды, содан кейін Коул Макдональд пен Алекс Льюис. Ал қазақстандық Павел Колмаков, Сергей Романов және Антон Бондарев сәйкесінше сегізінші, 15 және 20-шы болды.