Шымбұлақ шыңына көтеріліп, адасып қалған адамның денесі табылды
Шымбұлақ шыңына көтеріліп, адасып қалған адамның денесі табылды
168
оқылды
Алматы тауында адасқан адамның денесі табылды.
«Алматы тауында жоғалып кеткен адамды іздеу іc-шарасы аяқталды. 2021 жылы 12 ақпанда сағат 14:30-да бір тәулікке жетпейтін уақытта 1981 жылғы ер адамның денесі Шымбұлақ шатқалынан табылды, – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Құтқару жұмыстары нөлдік көріну (тұман) жағдайында жаяу жүргізілді. Қазәуеқұтқарудың KA-32 тікұшағы дайын тұрды, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты  ұшуы мүмкін болмады. Ауа райы аздап жақсарған кезде Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту жөніндегі халықаралық орталықтың дроны қолданылды.
Дрон теңіз деңгейінен 3 300 метр биіктікке 5 реттен аса көтерілу барысында құлаған адамның ізін түсірді. Бұл құтқарушылардың бағыт алып, іздеу аймағын оқшаулауға мүмкіндік берді. Өрмелеу техникасы мен арқандарды пайдаланып, құтқарушылар шатқалға түсті. Қар көшкіні қаупіне қарамастан, қазіргі уақытта мәйітті тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл 3 сағаттан астам уақытты алады, – деп мәлімдеді Уәли.
Құтқару жұмыстарына барлығы 70 құтқарушы қызметкер мен 12 техника жұмылдырылды. 2021 жылғы 11 ақпанда сағат 15.20-да "112" пультіне 1981 жылғы азамат хабарласып, өзінің Шымбұлақ шыңына көтеріліп, жолдан адасып қалғанын, таудан өз бетімен түсе алмайтынын айтқан.