Қазақстан ресейлік "Спутник V" вакцинасын мақұлдады
Қазақстан ресейлік "Спутник V" вакцинасын мақұлдады
135
оқылды
Қазақстан коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын пайдалануға рұқсат берді. Бұл туралы вакцинаның Twitter-дегі ресми парақшасында жазылды.
"Қазақстан " Спутник V "вакцинасына рұқсат берген 27-ші ел болды", – делінген хабарламада.
Қазақстанда 1 ақпаннан бастап "Спутник V" вакцинасы салына бастады. 10 ақпанда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ресейлік вакцинаны 13 301 адам салдырғанын хабарлады. 3 ақпанда Денсаулық сақтау вице-министрі – бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов "Спутник V" вакцинасы Қазақстанда тіркелмегенін растаған болатын.