Жерлесіміз WBC белбеуі үшін болған жекпе-жекте жеңіліп қалды
Жерлесіміз WBC белбеуі үшін болған жекпе-жекте жеңіліп қалды
154
оқылды
Қазақстандық боксшы Дәулет Даукенов (8-1, 3 КО) Киевтегі бокс кешінде украиналық Александр Абрамянмен (4-1, 2 КО) жұдырықтасты. Он раундқа есептелген жекпе-жекте, боксшылар WBC(ABC) Continental нұсқасы бойынша чемпиондық титулды сарапқа салды. Бұл жекпе-жекте Абрамян төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Александр Абрамян профи-рингте бесінші жеңіске жетіп, WBC екінші белбеуін жеңіп алды, ал Дәулет Дәукенов мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Айта кетейік, боксшымыз 2018 жылдың шілдесінен бері жеңілмей келген.