Боран және көктайғақ: еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Боран және көктайғақ: еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
133
оқылды
Синоптиктер 14 ақпанда ауа райының нашарлайтыны туралы хабарлады. Бұл күні көптеген аймақтарда боран мен көктайғақ болуы мүмкін. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 14 ақпанда Атырау облысында тұман және көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады деп болжайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысында да ауа райы осындай болады. Ақмола облысында ауа райы тұманды болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр болатын жел соғады. "Қазгидрометтің" мәліметінше, 14 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында, Петропавлда тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында тұман түседі. Түнде Шығыс және оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді. Болжамға сәйкес 14 ақпанда Қарағанды облысының көптеген ауданында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады.