Елімізде Наурыз мейрамы он күн тойлануы мүмкін
Елімізде Наурыз мейрамы он күн тойлануы мүмкін
294
оқылды
Елімізде Наурыз мейрамын он күн бойы тойлау ұсынылды. Наурыз мейрамы тұжырымдамасын бекіту бойынша жоба Ашық НҚА сайтында жарияланды.   Аталған құжат бойынша Наурыз мейрамы 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі:
  • 14 наурыз – "Көрісу күні"
  • 15 наурыз – "Жайлау күні"
  • 16 наурыз – "Шежіре күні"
  • 17 наурыз – "Тарихқа тағзым күні"
  • 18 наурыз – "Игі істер күні"
  • 19 наурыз – "Шымырлық пен шеберлік күні"
  • 20 наурыз – "Зияткерлік күні"
  • 21 наурыз – "Ұлттық тағамдар күні"
  • 22 наурыз – "Ұлыстың ұлы күні"
  • 23 наурыз – "Жоралғы күні"
"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасын әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. (...) Наурыз мейрамының негізгі мақсаты – Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру", – делінген құжатта.