Иван Дычко рингке қашан оралатынын айтты
Иван Дычко рингке қашан оралатынын айтты
153
оқылды
Екі дүркін Олимпиада жүлдегері Иван Дычко (9-0, 9 КО) рингке қашан оралатынын айтты Суперауыр салмақтағы боксшының менеджері Зия Әлиев дайындық барысы туралы айтып берді. "Біз бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Бізде әртүрлі промоутерден көптеген ұсыныс бар. Біз кім және не ұсынатынын қарастырамыз, сонымен қатар, Дычко рингке оралуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Рингке наурызда оралатын шығар. Біз жекпе-жекті ақпанда жоспарлаған болатынбыз, бірақ Америкадағы шоулардың 90 пайызға жуығы COVID-19 салдарынан шегерілді. Наурызда да өтпейтін шоулар бар, бірақ біз сол айда оралуға тырысамыз", – деді Әлиев Дычконың келесі жекпе-жегі туралы.  Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2019 жылы шілдеде америкалық Нэйт Хэвенге қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген болатын.