Қазақстандық промоушен Қуат Хамитовқа жауап беріп, балуандарының гонорары қанша екенін айтты
Қазақстандық промоушен Қуат Хамитовқа жауап беріп, балуандарының гонорары қанша екенін айтты
163
оқылды
Қазақстандық  промоушен Naiza Fighting Championship (NFC) Қуат Хамитовқа чемпион Фанил Рафиковпен болатын жекпе-жекке қатысты жауап беріп, оның  гонорары қанша екенін айтты. 29 қаңтарда NFC-28 турниріндегі жеңістен кейін Лиганың жаңа чемпионы Фаниль Рафиков Қуат Хамитовты жекпе-жекке шақырды, – деп жазады  Vesti.kz. Ол жекпе-жекті 2021 жылдың 10 сәуірінде аралық салмақта өткізуді ұсынды. NFC президенті Нұрбек Қарабала Найманмен кездесіп, ынтымақтастық туралы талқылады.
"Мен Қуатты кәсібилігі үшін құрметтеймін, қарым-қатынасымыз жақсы. Мұндай азаматтар отандық ММА дамуына жаңа серпін береді. Бірақ бір рет өткізілетін және үлкен гонорар талап ететін жекпе-жек бізге қажет емес. Стратегиямызға сәйкес біз ұзақ жылдар бойы жұмыс істеуге тиіс халықаралық лига құрып жатырмыз. Уақыт келгенде  әрбірі Қазақстанда ғана емес, шетелде де NFC -мен ұзақмерзімді ынтымақтастықта бола алады", – деп түсіндірді Қарабала.
Сонымен бірге, Naiza Fighting Championship мәлімдемесінде NFC стратегиясы тұрақты дамып жатқаны айтылған. Сондықтан әр келісімшарт мұқият қарастырылып, дайындалады.
"Қазір промоушенмен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Ресейдегі 15 спортшы ынтымақтасады. Жыл соңына дейін 100-ге жуық келісімшартқа қол қою жоспарланып отыр.  Балуандардың жалақысы 500 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін", – делінген NFC хабарламасында.