Бүгін футболдан 2021 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды. Биыл аталған доп додасы жаңа форматта өткізіледі.
Турнирге былтырғы Қазақстан чемпионы («Қайрат»), чемпионаттың жүлдегерлері («Тобыл», «Астана») және біріншілікте 4-орын алған команда («Шахтер») қатысады. Жеребе қорытындысына сай, жартылай финалда қостанайлық «Тобыл» мен алматылық «Қайрат», қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» кездеседі. Жартылай финалдық кездесулер 2, 3 наурызда өтеді. Ал үшінші орын үшін матч 5 наурыз, финал 6 наурызға жоспарланған. Барлық ойын Түркістан қаласындағы «Түркістан-арена» стадионында өтеді.Футболдан 2021 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды
![Футболдан 2021 жылғы Қазақстан Суперкубогының жеребесі тартылды](https://aikyn.kz/public/index.php/upload/media/posts/2021/03/google_aikyn-1200.jpg)