Зеленский Иран президентіне үміт артып отыр
Зеленский Иран президентіне үміт артып отыр
113
оқылды

Украина президенті Владимир Зеленский Иран президенті Хасан Роуханимен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Украина президентінің аппараты.

Украина президенті Тегеранда ұшақ апатынан Иран азаматтарының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Зеленский Украина тарапы апаттың себептерін тергеуге кірісіп, жұмыс бастағанын атап өтті.

«Ұшақ апатының мән-жайын тезірек анықтау үшін ашық, жан-жақты тергеу жүргізуге сіздің тараптан көмек болады деп үміттенемін», – деді ол.

Ирандық тарап жан-жақты тергеу жүргізуге және қайғылы жағдайдың себептерін анықтау үшін толық ынтымақтастықта жұмыс жасайтынын жеткізді.

Роухани Иран бір топ украин сарапшыларына барлық қажетті деректерге жедел қол жеткізуді қамтамасыз ететінін атап өтті.