Жеңілуден бас тартқан 14 жастағы дзюдошыны өлімші етіп сабап тастады
Жеңілуден бас тартқан 14 жастағы дзюдошыны өлімші етіп сабап тастады
161
оқылды
Түркіменстанның Бахарден ауданында дзюдодан өткен жарыстан соң 14 жастағы спортшы Сулейман Турсунбаевты бір топ жігіт белгісіз жерге алып кетіп, өлімші етіп сабап тастаған. Бұл оқиға ақпан айында болған.Ол Бахарден қаласында өткен сайыста бірінші орын алған. Финалдық кездесуде қарсыласы Түркіменстан Ішкі істер министрлігіне қарасты академияның курсантынан жеңілуін сұраған. Алайда, жас спортшы, курсантты жеңіп, алтын жүлдені иеленген. Турнир аяқталған соң белгісіз біреулер спортшының бапкерін соққының астына алып, сол жерде қалдырған. Ал Турсунбаевты белгісіз жаққа алып кеткен.
"Біздің баламызды белгісіз біреулер адам танымастай етіп ұрып кетті. Ол денесінің барлық жері ауырып жатқанын айтты. Бүйрегі езілген. Миы шайқалған", – деді бұл туралы Турсынбаевтың ата-анасы. 
Белгілі болғандай, жас дзюдошы ауруханада бірнеше күн жатып, қайтыс болған.