"Барыс" тартысты кездесуде "Авангардты" жеңді
"Барыс" тартысты кездесуде "Авангардты" жеңді
5,157
оқылды
ҚХЛ аясында елордалық «Барыс» бүгін, 16 ақпанда өз айдынында «Авангард» (Омбы) командасын қабылдады, Биыл командалар бір-бірімен екі мәрте кездескен. Қарсыластар бір-бір мәртеден жеңіске жеткен. Екеуіде плей-офф кезеңіне шығып үлгерді. Командалар өздеріне ыңғайлы қарсылас жолығу үшін, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алуы керек Елордада өткен матч тартысты өтті. Командалар жеңімпазды овертаймда ғана анықтай алды. «Барыс» (Нұр-Сұлтан) – «Авангард» (Омбы) – 3:2 ОТ (1:1, 1:0, 0:1, 1:0) «Барыс» келесі ойында Нұр-Сұлтанда екатеринбургтік «Автомобилистті» қабылдайды.