Қанат Ислам бір жылдық үзілістен кейін рингке оралады
Қанат Ислам бір жылдық үзілістен кейін рингке оралады
141
оқылды
36 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) келесі кездесуін 20-ақпан күні Майами (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткізетін болды. Бұл туралы боксшының өзі Instagram парақшасында жазды.
«Хабарлағаныма қуаныштымын! 20 ақпан күні сағат 21:00-де (21 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:00-де) көптен күткен жекпе-жек өтеді! Біз сіздердің оны қалай ұзақ күткендеріңізді білеміз! Жекпе-жектің трансляциясын сіз тек KOTV қосымшасында көре аласыз. Толығымен тегін!» – деп жазды Ислам Instagram-дағы парақшасында.  
Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы мансабында 27 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал 21 жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.