Жоғалған екі баланың біреуінің мәйіті табылды — Атырау
Жоғалған екі баланың біреуінің мәйіті табылды — Атырау
5,200
оқылды

Атырауда жоғалған балалардың біреуінің денесі табылды.

Аймақтың Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше кешкісін жоғалып кеткен 9 жастағы екі баланы іздеу жұмыстары түнде жерде, таңертеңнен бері суда жүргізілді.

Іздеу жұмыстарына 36 адам мен 6 дана техника жұмылдырылған.

Балалардың бірінің денесі ауыл маңындағы каналдардың бірінен табылды.

Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.