«Ирандағы елшімізді себепсіз қамауға алғаны дұрыс емес» — Ұлыбритания
«Ирандағы елшімізді себепсіз қамауға алғаны дұрыс емес» — Ұлыбритания
137
оқылды

Ұлыбритания Ирандағы елшісінің қамауға алынуын сынға алды, — деп жазады 24.kz.

Иранның құқық қорғау органдары Тегерандағы наразылық шаралары барысында Ұлыбритания елшісі Роберт Макэйрді бірнеше сағатқа қамауға алған.

Дипломат үкіметке қарсы арандатушылық әрекеті үшін ұсталыпты. Мұны Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі растады.

Осыған байланысты аталған ведомство басшысы Доминик Рабтың Тегеранның бұл әрекетін сынға алып, елшіні ешбір негізсіз қамауға алу халықаралық құқық нормаларын бұзу екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, кеше Иран билігі ұшақ апатын өз мойнына алған соң, елдің бірқатар қаласында жаппай ереуіл басталды.

Жұрт үкіметке қарсы наразылығын білдіріп, биліктің отставкаға кетуін талап етті.