Қазақстандық дзюдошы "Үлкен дулыға" турнирінде қола жүлдегер атанды
Қазақстандық дзюдошы "Үлкен дулыға" турнирінде қола жүлдегер атанды
5,151
оқылды
Қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев Тель-Авив қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінің қола жүлдегері атанды. Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақтағы қола жүлде үшін бәсекеде украиналық Артем Лесюкті вазари ұпайымен тізе бүктірді. Дода барысында Ғ.Қырғызбаев бразилиялық Аллан Кувабараны жеңді. Ширек финалда әзірбайжандық Давуд Маммадсойға есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде татами иесі Мата Коколаевты қапы қалдырды. Бұл салмақта алтын жүлденің тағдырын әзірбайжандық Давуд Маммадсой мен грузиялық Темур Нозадзе шешеді.