Қанат Исламның жекпе-жегі қарсаңында қарсыласы ауысты
Қанат Исламның жекпе-жегі қарсаңында қарсыласы ауысты
150
оқылды
Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) Майамидегі (АҚШ) жекпе-жегі қарсаңында қарсыласы ауысты. Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша Ислам эквадорлық Джейсон Миндамен (14-3-1, 8 КО) кездеседі. Орта салмақтағы айқас 10 раундқа жоспарланған. 36 жастағы Қанат Ислам ганалық спортшы Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жекпе-жек өткізуі керек еді. Соңғы рет Қанат Ислам рингке 2019 жылдың қазан айында шыққан болатын, ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен намибиялық Уолтер Каутондоквуды (18-2, 17 КО) жеңіп, орта салмақта WBO International чемпионы титулын сәтті қорғаған еді.