ІІМ ҚАЖК "Еңбек" РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлыққа қатысты күдікті болып танылған.
ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушы қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. "Ол Мұғалжар ауданы Қандыағаш ауылындағы саябақты абаттандыру үшін бюджет қаражатын аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін ЖК өкілінен 700 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алды деген күдікке ілінді. Процессуалдық ұстау күдіктінің және оның қорғаушысының келу туралы міндеттеме беруіне байланысты қолданылған жоқ", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.