Жан Кособуцкий WBА титулы үшін жекпе-жекке түседі
Жан Кособуцкий WBА титулы үшін жекпе-жекке түседі
191
оқылды
20 ақпаннан 21 ақпанға қараған түні кәсіби рингте жеңілмеген қазақстандық аса ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) Германияның Гамбург қаласында бос WBA International титулын сарапқа салады. 32 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 33 жастағы нигериялық боксшы Онориода Эвариэме болады (18-1, 17 КО). Гамбургтегі бокс кеші Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Африкалық боксшы ірілігіне байланысты "Годзилла" лақап атын иеленген.