Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутқа түсіріп, WBA чемпионы атанды - видео
Жан Кособуцкий қарсыласын нокаутқа түсіріп, WBA чемпионы атанды - видео
178
оқылды
Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Жан Кособуцкий (14-0, 13 КО) Гамбургте (Германия) өткен бокс кешінде өнер көрсетіп, "Годзилла" лақап атты нигериялық Онориод Эвариемемен (18-1, 17 КО) титулдық жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жек он екі раундқа есептелген болатын. Жекпе-жекте Кособуцкий үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, төртінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, Жан Кособуцкий өзінің кәсіби мансабындағы он бесінші жеңісіне жетіп, WBA International нұсқасы бойынша чемпион атанды. https://www.youtube.com/watch?v=j-1swN2jolk