Заң шығарғанда халықтың пікірін ескереміз – Мәжіліс төрағасы
Заң шығарғанда халықтың пікірін ескереміз – Мәжіліс төрағасы
233
оқылды

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин биыл бірқатар маңызды заң жобаларды мақұлдау бойынша жұмыстар атқарылатынын айтты, – деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Бүгін биылғы алғашқы жалпы отырыс өтті. Жұмыс аймақтарды аралаудан басталды. Барлық үш фракцияның депутаттары және Қазақстан халқы ассамблеясынан сайланған депутаттар тек облыс орталықтарында ғана емес, аудан, қала, шалғай ауылдардағы елмен жүздесіп, іссапардан келді», – деді Н. Нығматулин.

Жиында депутаттар аймақтағы ахуалды алдағы уақытта заң шығарғанда ескеретін болады.

«Аймақтарда әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы, денсаулық сақтау кодексі жайында және жұмыспен қамту, сондай-ақ басқа да мәселелер көтерілді. Осы кездесулерде айтылған барлық ұсыныстарды, пікірлерді алдағы заң шығару жұмысымызда ескеретін боламыз», – деді Мәжіліс төрағасы.

Нығматулиннің айтуынша, бүгінде Мәжілістің қарауында 61 заң жобасы бар. Заңдарды талқылағанда, қабылдағанда халықтың пікірі ескерілмек.