Қ.Тоқаев: Ұлттық буржуазия әлеуметтік қамтамасыз етуге белсене қатысуы тиіс
Қ.Тоқаев: Ұлттық буржуазия әлеуметтік қамтамасыз етуге белсене қатысуы тиіс
187
оқылды

Бұл әлем елдерінде бар тәжірибе.

Ұлттық буржуазия әлеуметтік қамтамасыз етуге белсене қатысуы тиіс. Ақордада Президенттің кадр резервіне енген жастармен кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.

«Біз мемлекеттің әлеуметтік саясатының оңтайлы моделін іздеп жатырмыз. Барынша өзектісі атаулы әлеуметтік көмек мәселелері саналады. Ол барынша өткір, қоғамымызда айтарлықтай жиі көтеріледі. Мемлекет шын мәнінде мұқтаждарға көмектесуі керек. Адамдарды орындалмайтын дәмеге қамшылауға болмайды. Бұл жол тұйыққа тірейді», – деді Мемлекет басшысы. Президент ел Үкіметі кірісіне қарамастан барлық көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлейтінін мәлімдеді.

«Бұған қоса, аз қамтылған отбасылардың барлық баласы кепілдендірілген әлеуметтік пакет алатын болады. Мектеп жасына дейінгі балалар азық-түлік жинытығы мен ең бірінші қажетті өзге де заттарды алады. Аз қамтылған отбасыдан шыққан мектеп оқушылары үшін тегін ыстық тамақ, сабаққа барып-қайту жолақысы, мектеп формасы, қажетті құрал-жабдықтар беріледі. Мұның барлығы мемлекет есебінен екендігі түсінікті. Ұлттық буржуазия деп аталатын отандық бизнесмендер де бізге қолдау білдіргенін қалаймыз», – деді Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, мұндай тәжірибе Финляндия, Швеция, Чехия, Эстония сынды еуропалық елдерде бар.

«Ол жақта кәсіпкерлер әлеуметтік қамтамасыз етуге белсене араласады. 2017 жылдан бастап Нью-Йоркте мемлекеттік көпшілікке арналған мектептердің барлық оқушыларына тегін түскі ас беріледі. Бұл миллионнан астам баланы қамтиды. БҰҰ бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасының бағалауына сәйкес, оқушының тамағына жұмсалған әрбір 1 доллардың 3, тіпті кейде 10 есеге дейін қайтарымы болады. Бизнес өкілдерінің, меценаттар мен демеушілердің көмегімен бұл міндетті шеше алатындығымызға сенімдімін», – деді Президент.