Көкшетау-1 стансасы бастығының үстінен жемқорлық бабы бойынша тергеу басталды
Көкшетау-1 стансасы бастығының үстінен жемқорлық бабы бойынша тергеу басталды
147
оқылды

Ақмола облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына қарасты «Көкшетау-1» станциясының бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлады.

Станса басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Ол өзінің орынбасарымен бірге жұмыс орнына мас күйінде келген станса қызметкерін жұмыстан шығармау үшін пара алғаны үшін күдікті деп танылды.

Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

https://youtu.be/Wbw3aNmqzoA