Қос аңызды қос үздік алмастыра ма?
Қос аңызды қос үздік алмастыра ма?
143
оқылды

Футбол әлемінде «Месси мен Роналду дәуірі аяқталуға жа­қын, келешекте олардың ізін басатын екі футболшы пайда болды» деген әңгімелер айтылып жатыр. Дегенмен ұзақ жыл­дар бойы дүниежүзі халықтарының назарын өзіне ау­дарған Лионель мен Криштиануға тең келетін, олардың же­тіс­тігін жақын уақытта қайталайтын футболшы болмай тұр. Қа­зір ерекше көзге түсіп жүрген мықтылардың ішінде Мбаппе мен Холландтың есімі ғана ерекше аталады. Ал олар расында да тізгінді осы бастан қол­дарына алып үлгерді.

Қазірдің өзінде екі футболшы ал­дыңғы буын ағалары секілді фут­болдағы рекордтарды бірінен соң бірін жаңарту үстінде. Биылғы мау­сымда Холланд Бундеслигада 17 ойын өткізіп, 17 гол соғып, 3 нә­­­тижелі пас берген. Чемпиондар ли­­­гасында 5 кездесуде 8 гол салып, 1 голдық пасты атына жазды. Ал Мбап­пе болса ішкі біріншілікте 22 ойын­да 16 гол соғып, 6 голдық пас­тың авторы атанды. Чемпион­дар лигасында 6 ойында 5 гол со­ғып, 3 голдық пас берді. Осыдан-ақ, екеуі­нің де әр матч са­йын жасындай жар­қылдап жүр­ге­нін ешкім жоққа шы­ғара алмай­ды. Соңғы кездері Мбаппе мен Хол­­ланд корольдік клубтың са­пы­на ауысады деген әңгімелер де жел­дей есіп жүр. Испандық AS спо­рттық журналы «Реал» кімді таң­­­дайды?» деген тақырыппен ба­сы­лымның бірінші бетіне көлемді мақала да жариялады. Мадридтік клуб­тың басшылығы оларды сатып алу үшін 300 миллион еуродай ақша жұмсауы керек екен. Егер фу­т­болшылар алты жылдық ке­лісімшартқа қол қойса, «корольдік клуб» басшылығы бұл соманы тө­леуге дайын екенін айтты. Бү­гінде 22 жастағы Мбаппенің жылдық жа­лақысы 72 миллион еуро болса, 20 жастағы Холланд жылына 20 мил­лион еуро алады. Барселона басшылығы да «Біз үш жұлдызды ойыншыны сатып алу­ды мақсат тұтып отырмыз. Ті­зім­­де Холланд пен Мбаппе де бар» деген болатын. Демек, екі фут­бол­шыны Еуропадағы гранд клуб­тар­дың бәрі дерлік өз сапынан көргісі ке­леді деп санай берсеңіз болады.

Бұрын­ғы­лар Пеле мен Марадоннаны са­­­лыстырды. Кейін Роналду мен Мес­си арасындағы бәсекелестіктің қар­қыны күшті болды. Яғни, бәрі­не төреші жанкүйерлер. Футбол со­нысымен қызық.

Өткен аптада Мбаппе Чем­пион­дар лигасында ПСЖ сапында «Бар­селонаға» қарсы кездесуде алаң­ға шығып, Камп Ноуда хет-трик авторы атанды. Холланд бол­са «Севильяға» қарсы матчта дубль жа­сап, бір голдық пас берді. Олар­дың керемет ойынын, коман­да­ла­рын жеңіске жетелегенін барлық спорт­тық басылымдар мен телеар­на­лар жарыса хабарлады. Бірақ кейбір спорт жанкүйер­лері қос футболшының әр маусым сайын тұрақты ойын көрсететініне күмәнмен қарайды. Олардың ша­масы ары кетсе екі-үш маусымға ға­на жетеді деп санайды. Бұл ретте бел­гілі спорт комментаторы Ермек Төрениязов Мбаппе мен Хол­ланд­тың үздік екенін жоққа шы­­ғармай­ты­нын, қос футболшының бола­ша­ғына үмітпен қарайтынын тілге тиек етті. – Әр заманның өз мықтылары бо­лады. Дәл қазір жас буынның іші­­нен жарқырап шығып келе жат­қан Мбаппе мен Холландты ерек­ше атап өтпеске болмайды. Бүгінде екеуін жиі салыстырады. Бұрын­ғы­лар Пеле мен Марадоннаны са­­­лыстырды. Кейін Роналду мен Мес­си арасындағы бәсекелестіктің қар­қыны күшті болды. Яғни, бәрі­не төреші жанкүйерлер. Футбол со­нысымен қызық. Екеуінің ар­тық-кемін айтар болсақ, фран­цуз­дың дене бітімі норвегиялық шабуыл­шыға қарағанда шағындау, жеңіл қозғалады, өте шапшаң қи­мыл­дайды. Оның еңбекқорлығы, физикалық дайындығы Роналдуға келіңкірейтін секілді. Футболды өте жақсы түсінеді. Холланд көбіне Златанға келіңкірейді. Бойы да ұзын, денесі де ірі. Физикалық дағ­дылары өте жақсы. Аяқ-қолы да ұзын. Сол артықшылықтарын ойын кезінде жақсы пайдаланады. Осы екі ойыншы болашақта осы қар­қынын жоғалтпаса, нәтиже жа­ғынан Месси мен Роналдудан асып кетуі әбден мүмкін. Қазір уа­қыт өткен сайын турнирлер кө­бейіп жатыр, ұлттық құраманың қа­тысатын жарыстарының саны да арт­ты. Сондықтан қазіргі фут­бол­шылар бұрғынғыларға қарағанда көп ойнай алады. Нәтижелерді, ре­кордтарды да жаңартуға жас­тар­дың мүмкіндігі жоғары, – дейді Ермек Төрениязов. Пеле мен Марадонна біздің ал­ды­мыздағы буынның жүрегін қа­лай жауласа, одан кейінгілері де Мес­си мен Роналдуды солай жақ­сы көрді, ойындарына сүйсінді, өне­ріне тамсанды. Алдағы 10-15 жыл­дықта жас буынның махаб­ба­тын солар секілді өзге де мықты фут­болшылар жаулап алары анық. Оның Мбаппе мен Холланд бо­лары­на, не басқа боларына уақыт төре­ші.

АбылайханАбылайхан ЖҰМАШ