Халық тиімсіз реформадан шаршаған – Ливандағы ереуіл
Халық тиімсіз реформадан шаршаған – Ливандағы ереуіл
162
оқылды

Ливанда халықтың ереуілі әлі де басылар емес, – деп жазады 24.kz.

Дереккөздің жазуынша, ереуілге шыққан халық қарапайым тұрғындар үшін тиімсіз реформалардан шаршағанын айтып, іске асыра алмай жатыр.

Аймақтағы жаппай толқулар тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласқан. Наразы жұрт сейсенбіден бастап ереуілді үдеткен.

Жиналғандарды тарату үшін үкімет жасағы көз жасаурататын газ бен шоқпар қолданған.

Белсенділер де қарап қалмай, тәртіп сақшыларына тас жаудырып, аймақтағы бірнеше ғимараттар мен кеңселердің тас талқанын шығарған. Бірнеше адам қамауға алынды.

Ресми мәлімет бойынша 45 адам жарақат алды. Олардың 35-і ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің арасында БАҚ өкілдері де бар.

Айта кетейік, Ливандағы халықтың үкіметке қарсы ереуілі былтыр  қазан айында басталған. Жергілікті халық биліктен экономикалық реформаны талап етіп, табандап күресіп жатыр.