Боранға байланысты Нұр-Сұлтаннан шығатын жолдар жабылды
Боранға байланысты Нұр-Сұлтаннан шығатын жолдар жабылды
208
оқылды

«Қазгидрометтің» ескертпесінен кейін боранға байланысты жол қозғалысы шектелетін болды.

Нұр-Сұлтан қаласында желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.

Осыған байланысты қаладан шығатын барлық тас жол жабылды. Бұрқасын салдарынан еліміз бойынша 32 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған. Осы орайда төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.