Ертісбаевтың саяси көзқарасын Yertysbayev Live арнасынан біліңіздер
Ертісбаевтың саяси көзқарасын Yertysbayev Live арнасынан біліңіздер
237
оқылды

Ермұхамет Ертісбаев тілшінің: «Сіз бір сұхбатыңызда Белоруссиядағы Nextа каналы жайында айтқан едіңіз. Осы арна Лукашенко билігіне қарсы митингте елдің ақиқатты айтар алаңына айналды. Аз уақыт ішінде миллиондаған көрермен жинады. Дәл осындай арна Қазақстанда бар ма?» – деген сауалына Telegram арналардың қоғамдағы рөлі қозғаушы күшке айналуы әп-сәтте екенін айтты.

– Былтыр көктемде Nextа-ға жазылғандардың ұзын-саны шамамен 40 мыңдай болған. Қазақстанда да қоғамдағы ең өзекті мәселелерді талқылайтын арналар жетерлік. Белоруссияда Nextа-ға жазылушылар саны жарты жылда 2 миллионнан асып жығылды. Олар Белоруссиядағы шегіне жетіп тұрған мәселені дөп басты. «Темірді қызған кезінде соқты». Сол үшін де танымалдылығы артып, көрермені көбейіп шыға келді. Талай толқуға түрткі болуымен ғана шектелген жоқ. Елде қозғаушы күшке айналды. Telegram арнаның қоғамдағы рөлін осыдан-ақ бағамдауға болады. Мәселен, аз ғана жазылушысы бар кез келген арнада да сондай мүмкіндік бар. Ол үшін қоғамдағы шетін мәселелерді елге айтса да жеткілікті.   https://youtu.be/5stRIRJFvms

Мысалы, жуырда Ресейде ел жаппай билікке қарсы бас көтерді. 22 миллион кедейдің наразылығы биліктегілердің етек-жеңін «жинауға» ықпал етті. Тарихшы ретінде айтарым, қай қоғамда да ешқашан революцияны кедейлер жасамаған. Революцияны тек қана қоғамда сөзі өтімді, беделді адамдар кедейлердің қолымен от көсеу арқылы жасайды.