Армения, Қырғызстан нөмірімен жүрген көлік жүргізушілері наразылық білдірді (видео)
Армения, Қырғызстан нөмірімен жүрген көлік жүргізушілері наразылық білдірді (видео)
234
оқылды
Қазақстанда Армения және Қырғызстан нөмірімен жүрген көліктерге қатысты жаңа талаптарға қатысты Ақтау мен Жаңаөзендегі жүргізушілер наразылығын білдірді, — деп хабарлады «Лада». Жүзден астам көлік жүргізушісі Ақтауда теңіз жағалауына жиналып, шетелдік тіркеудегі көліктерге қатысты жаңа талаптарға наразылығын білдірді. «Бәрін осылай бір уақытта істеуге болмайды. Алдымен уақытша тіркеу енгізу керек. Елде мұндай көлікті заңды түрде тіркеуге қыруар ақша кетеді. Мен өзімнің көлігімді 4 миллион теңгеге алдым. Ал егер заңға сәйкес тіркейтін болсам, тағы дәл осынша қаражат жұмсауға тура келеді. Бұдан да көп болуы мүмкін. Егер олар тіркелмеген әр көлікке айыппұл салатын болса, айып тұрағында көлік қоятын жер қалмайды», ­- дейді жергілікті тұрғын Ерлан Бәшінтаев.   Жүргізушілермен жергілікті полиция қызметінің басшысы Мадияр Омаров кездесті. «Мен сіздерді түсініп тұрмын. Барлық мәселе қарастырылады. Бастысы, сіздер бейбіт жиын өткізіп жатырсыздар. Ертең «Жолдағы қабылдау» акциясы ұйымдастырылады. Полиция мен мемлекеттік табыс департаментінің қызметкерлеріне барлық сауалды қоюға болады», - деді Омаров. Жаңаөзенде өткен жиынға 250 адам қатысты. Айта кетейік, бұған дейін армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерге қатысты жаңа ереже күшіне енді. Шетелден әкелінген көлікті Қазақстанда 10 жұмыс күні ішінде тіркеу керек. Елге Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мың көлік әкелінген.

Тіркеуге қатысты сұрақтар бойынша Ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтанда 8 (7172) 71 58 21, 71 58 39, 71 58 04, 71 58 06, 71 58 62 нөмірі арқылы тікелей байланыс ұйымдастырып отыр. Телефон қоңырауы 09:00-дан 19:00-ге дейін қабылданады.