Софияда өтіп жатқан «Странджа – 2021» халықаралық бокс бәсекесінде Қазақстан құрамасының үш боксшысы финалға жолдама алды. Бұл жайында Оlympic.kz хабарлады.
Атап айтқанда, Ангелина Лукас, Надежда Рябец және Валентина Хальзова Софияда чемпиондық атақ үшін жұдырықтасады.Сондай-ақ жартылай финалда жеңілген Карина Ибрагимова жарыстың қола жүлдегері атанды.