Елордада теннистен халықаралық турнир өтеді
Елордада теннистен халықаралық турнир өтеді
158
оқылды
Ертең елордада ATP Challenger Tour «FORTE CHALLENGER 125» сериясында теннистен халықаралық турнир басталады. «2021 жылғы 28 ақпаннан 7 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ATP Challenger Tour «FORTE CHALLENGER 125» сериясында теннистен халықаралық турнир өтеді. Жалпы жүлде қоры – 156 240 АҚШ доллары», - деп жазды Қазақстан теннис федерациясы Instagram-дағы парақшасында. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жарыс өткізу кезінде турнир қатаң протокол аясында көрерменсіз өтеді.