Қытайда қауіпті дертке шалдыққандар саны көбейген
Қытайда қауіпті дертке шалдыққандар саны көбейген
134
оқылды

Қытайдың Ухань қаласында қауіпті ауруға тағы 17 адам шалдықты, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Дерекөздердің жазуынша, індетті жұқтырғандардың 12-сі ер адам, қалғаны – әйел.

Үш науқас ауыр халде жатыр. Осылайша, қауіпті індетке шалдыққандардың саны 62-ге жетті.

Аурудың алғашқы белгілері – дене қызуы көтерілу, безгек пен жөтел. Дәрігерлер вирус адамнан-адамға жұғуы мүмкін деп қауіптеніп отыр.

Бірақ оның қалай тарайтыны әлі беймәлім. Қазір дәрігерлер науқастармен байланыста болған тұрғындарды тексеріп жатыр.

Айта кетейік, өкпенің қабынуына ұқсайтын бұл вирус жайлы ақпар алғаш рет желтоқсан айында пайда болған.

Аурудан 2 адам көз жұмды. Лондон колледжі ғалымдары қаупті вирусты жұқтырғандардың саны 1 мың 700-ден асады деп отыр.