Бүгін – босқынға сая, қашқынға пана болған қазаққа алғыс айтатын күн
Бүгін – босқынға сая, қашқынға пана болған қазаққа алғыс айтатын күн
283
оқылды

Алғыс айту күні – халықты береке мен бірлікке, бейбітшілікке шақыратын мереке. Біршама ұлттың бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруіне жағдай жасап отырған Қазақстанда биыл алтыншы рет Алғыс айту күнін атап өтеді.

Бұл күннің тарихы 2016 жылдан басталады. Осыдан бес жыл бұрын 14 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойып, оған сәйкес, 1 наурыз – Алғыс айту күні деп жарияланды. Дәл осы 1 наурыз күні Қазақстан халқы ассамблеясы да құрылған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ассамблеяның XXII сессиясында Алғыс айту күнін белгілеудің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Тұңғыш Президент зұлмат жылдары Қазақстанға қаншама өзге ұлт жер аударылғанын айтқан еді. Оның ішінде, 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халқы, Қиыр Шығыстан 18,5 мың адам пана іздеп келгенін тілге тиек етті. Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, Қазақ елінен пана тапқан өзге ұлт өкілдері қазақ халқына алғыс айтады.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады.