Алдағы тәуліктерде күн жылынады
Алдағы тәуліктерде күн жылынады
181
оқылды

Қазгидромет 21-23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Қазақстанға Атлант мұхитынан ауа массаларының жылжуына байланысты республиканың бірқатар облысында жоғары аномалды ауа температурасын сақталады.

«Күндізгі ауа температурасы барлық аймақтарда дерлік 0-ден минус 8°С-ге дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5°С-ке дейін болжанады. Ал Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттар күшті екпінді жел мен көктайғақтың болуына алып келуі мүмкін», – делінген хабарламада.