«Косметолог тегін ем алуды ұсынған» – банкке қарыз болғандар мәселенің мән-жайын айтты
«Косметолог тегін ем алуды ұсынған» – банкке қарыз болғандар мәселенің мән-жайын айтты
268
оқылды

Алматылық бір топ келіншек бет терісіне тегін күтім жасатамын деп, банкке қарыз болған, – деп хабарлайды AstanaTV.

Медициналық орталықтың ақысыз процедурасы жайлы естіп барған әйелдерге клиника қызметкерлері қағаздарға қол қойдырып, әрқайсысының атына несие рәсімдеген.

Телеарнаның хабарлауынша, қала тұрғыны Оксана Ким өзін сорлатқан медициналық орталықты заң алдында жауапқа тартпақ.

Оксана Ким: «Алғашында тегін қызмет жасаймыз деді. Кейін бетіме бір-екі процедура жасап болған соң сіздің теріңізге жарты жылға жуық ем жасау керек. Мезотерапия, пилинг сынды процедураларды ұсынды. Мен оның барлығы қымбатқа түспей ме дегенімде жеңілдіктер жасалатынын айтты. Келіп емделіп тұратын болғандықтан, мына келісімшартымызға қол қойыңыз деді. Сөйтсем, маған 400-мың теңге көлемінде несие рәсімдепті», – дейді.

Орталықтың қызметкерлерінен көңілі қалғандар сұлулық салоны 50 шақты адамды алдап, уысына түсірген деп отыр.

Осы мәселеге қатысты заңгер Қайрат Жұртболов келіншектердің көбі осындағы косметологтарға жаппай алданып жатыр дейді.

Қайрат Жұртболов: «Бұлар телефонның нөмірін қайдан алатынын білмеймін. Бұлар жаппай хабарласа береді. Мектептің мұғалімдері бар, зейнетке шыққан адамдар, бала тәрбиелеп үйде отырған әйелдер, мүгедектер бар бүкілі жаппай сол кредитқа отырып жатыр қазір. Міні осы келісімшарттардың барлығын оқып, зерттеп шығып, біз сотқа жүгінуге мәжбүр болдық. Алты іс бойынша біз жеңіп шықтық. Енді төрт іс Алматы қаласында болады оны сотқа жібердік тағы екі Астана қаласында», – дейді.

Заңгердің айтуынша, алданып қалғандардың көбісі егде жастағылар екен.