Ненад Эрич "Астана" сапынан кетті
Ненад Эрич "Астана" сапынан кетті
189
оқылды
​"Астана" футбол клубы келісімшарты аяқталғаннан кейін қақпашы Ненад Эричтің командадан кеткенін мәлімдеді. Клуб басшылығының шешімімен 1 ойын нөмірі «Астана» командасының айналымынан шығарылып, клубтың көшбасшысы мен капитаны болған Ненад Эричтке бекітілді. Бұл туралы "Астана" ФК баспасөз қызметі хабарлады. Эрич 2011 жылы «Астанамен» алғашқы келісімшартқа қол қойып, астаналық клубтың қақпашысы атанды. Қазіргі уақытта Эрич клубтағы 10 маусымда командадағы 318 ойын саны бойынша абсолютті рекордсмен атанды. Сербиялық қақпашы 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Бұдан басқа, Ненад клубтың құрғақ матчтар саны бойынша рекорд қойды, сондай-ақ оның активінде екі нәтижелі пас, АПОЭЛ-мен және "Қайратпен" пенальтидің жеңіс сериясы және кеудесінде "Астана" логотипі бар көптеген ең жарқын сейвтер бар.
"Біз Ненадпен қоштаспаймыз, өйткені ол әрқашан «Астана Аренада» ең сыйлы қонағымыз болады, «Кездескенше» дей отырып, капитанға барлық бастамаларында үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз!", – делінген мәлімдемеде.