Елімізде фристайлдан әлем чемпионаты өтеді
Елімізде фристайлдан әлем чемпионаты өтеді
174
оқылды

Фристайл-могулдан бәсеке 8-9 наурызда, фристайл-акробатика додасы 10-11 наурызда өтеді.  «Шымбұлақта» өтетін додаға әлемнің 19 елінен спортшылар келеді.

Спортшылар үшін аталған жарыс 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиада қарсаңында рейтингілік ұпай жинауға көмектеседі. Айта кетерлігі, елімізде фристайл-могул мен фристайл-акробатикадан әлемдік деңгейдегі жарысты тұңғыш рет өткізеді. Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, бұған дейін Алатау баурайында әлем кубогы кезеңі өткен. 2019 жылы  елімізде могулдан алғаш рет әлем кубогы өтіп, турнир барысында кубоктік кезеңнің жалпы есептегі жеңімпаздары анықталған. Сонда әлемдік үздік могулшылары «Шымбұлақта» бас қосқан. Демек, 8 наурызда Алматыда әлемнің ең үздік спортшылары өзара сынға түседі. Чемпионатқа қатысатын спортшылар арасында 2019 жылы АҚШ-та әлем чемпионы атанған Юлия Галышева да бар.

А. АЙДАРҚЫЗЫ