Асхат Садырбай жаңа қызметке тағайындалды
Асхат Садырбай жаңа қызметке тағайындалды
289
оқылды

Бұл туралы Асхат Садырбай Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Құрметті достар, жақсылар, тілектеріңізге рақмет! Кешеден бері жылы лебіздеріңіз бен құттықтаулар толастар емес. Телефонға да SMS-тер мен қоңыраулардан тыным болмай жатыр. Көңіл көңілден су ішеді ғой, жақсы сөз бәріміздің көңілімізге жағады. Жауапкершілігі үлкен жұмысты Алланың қолдауымен, сіздердің көмектеріңізбен абыроймен атқарып шығуды нәсіп етсін. Бұл да өмірдегі бір үлкен белес», – деп жазды журналист.

Бұған дейін журналист Мәди Манатбектің қызметке тағайындалғанын жазған болатынбыз.