21 қаңтар – ҚР инженерлік әскер күні
21 қаңтар – ҚР инженерлік әскер күні
346
оқылды

Бүгін ҚР Қарулы Күштері инженерлік әскерлерінің әскери қызметшілері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде, – деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Инженерлік әскер елімізді аумағында және сырт елдерде өткен форматы мен ауқымы бойынша әртүрлі оқу-жыттығулар мен миссияларға қатыса отырып мол тәжірибе жинауда. Солардың бірі Ирактағы бітімгерлік миссия. 2003 – 2008 жылдары тұрақтандыру күштері құрамындағы «Қазбат» бітімгершілік батальонының инженерлік-саперлік бөлімшесі жергілікті жерде жарылмаған оқ-дәрілерді іздестіру, табу, белгілеу және оларды жою, сондай-ақ сумен жабдықтау пункттерін жабдықтау және суды тазарту бойынша міндеттерді орындады. Сол кезде қазақстандық әскери қызметшілер жоғары кәсібилік пен шеберлік, жауапкершілік пен міндеттерді орындау кезінде нағыз батырлық танытты.  

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығындағы салтанатты іс-шара барысында: «Әскерде инженерлік әскерлердің орны ерекше. Ұрыс уақытында инженерлер әскерлерді ұрысты үздіксіз жүргізу үшін қажетті барлық жағдайды жасайды. Мәселен, көпірлер мен окоптар салау, алаңдарды минадан залалсыздандырады, жолдар салады. Бейбіт уақытта техниканың әртүрлі түрлерімен жұмыс істеу дағдыларын шыңдайды, қару-жарақтың жаңа түрлерін зерделеп, қажет болған жағдайда табылған жауынгерлік снарядтарды жою және залалсыздандыру бойынша жұмыстарды орындайды», деп атап өтті бөлім командирі подполковник Танатов Аралбек

Шарада әскери борышын орындау кезінде ерекше көзге түскен офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер мен сарбаздар марапатталды. Бүгінгі таңда инженерлік әскерлербұл әскери техника мен инженерлік қару-жарақ құралдарымен жабдықталған, мамандармен жасақталған. Инженерлік әскерлер жаңа заманауи жер қазатын инженерлік техникамен, мина-жарылғыш бөгеттерді орнатуға және инженерлік барлауды жүргізуге арналған техникамен, қорғаныс шебі мен бағытын орналастыруға, сондай-ақ суды өндіру мен тазартуды қамтамасыз етуга арналған фортификациялық жабдықтармен толықтырылады деп күтілуде.