Недовесов жұптық сында Forte Challenger 125 турнирінің жартылай финалына шықты
Недовесов жұптық сында Forte Challenger 125 турнирінің жартылай финалына шықты
159
оқылды
Қазақстандық Александр Недовесов сербиялық Виктор Троицкимен бірге жұптық сында елордада Forte Challenger 125 турнирінің жартылай финалына шықты,– деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Недовесов пен В.Троицки ширек финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко – грузиялық Александр Метревелимен кездесуі керек еді. Турнирдің ресми өкілінің мәліметіне қарағанда, А.Метревели жаттығу кезінде бұлшық етін созып алған. Осылайша қазақстандық-сербиялық жұп ойнамастан жартылай финалға жолдама алды. Олардың жартылай финалдағы қарсыласы кейін анықталады.