Өңірдің өзекті мәселелерін талқылады
Өңірдің өзекті мәселелерін талқылады
5,230
оқылды

Қазақстан Президенті Экономикалық ынтымақтас­тық ұйымының 14-саммитіне қатысты. Бұл туралы Ақор­­даның баспасөз қызметі хабарлады.

Видеоконференция форма­тында өткен жиынға Пәкістан премьер-министрі Имран Хан, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Түрікменстан прези­денті Гурбангулы Бердімұхаме­дов, Ауғанстан президенті Ашраф Ғани, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Иран президенті Хасан Рухани, Қырғыз Республи­касының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Экономи­калық ынтымақтастық ұйы­мының Бас хатшысы Хади Сулейманпур қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің басында бауырлас түрік халқына және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға пан­демияға қар­сы күресте елімізге көмек көр­сет­кені үшін ризашы­лығын білдірді. Президент баяндамасында пан­демияның экономикаға тигіз­ген кері әсерін еңсеруге баса мән берді. – Қажетті қаржымен қамта­ма­сыз етілген Дағдарысқа қарсы кешенді жоспарды іске асырудың арқасында Қазақстан пандемия­ның теріс әсерін барынша азайта алды. Тіпті, құрылыс, ауыл ша­руа­­шылығы және өндіріс секілді салаларда өсімге қол жеткіздік. Биыл біз ішкі жалпы өнім 3 па­йыздан астам өседі деп жоспарлап отырмыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Эконо­микалық ынтымақтастық ұйы­мымен ықпалдастық Қазақстан сыртқы саясатының басым ба­ғыттарының бірі екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, ұйым аясындағы өзара іс-қимылдың негізі инфрақұрылымдық, әлеу­меттік және мәдени бағыттардағы ірі жобалар болуы керек. Қы­таймен бірлесіп қолға алынған Транскаспий халықаралық көлік бағыты – сондай болашағы зор жобалардың бірі. Атап айтқанда, 2019 жылдың қараша айында Қазақстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия және Түркияны байла­ныстыратын Сиань–Стамбұл–Прага бағыты бойынша контей­нерлік пойызы жүре бастады. Былтыр сәуір айында Сиань-Измир бағытындағы бірінші контейнерлік құрам жүріп өтті. Ол 7 000 шақырым қашықтықты 16 күнде еңсерді. Тоқаев Бұл өңір үшін тағы бір маңыз­ды басымдық – азық-түлік қауіп­сіздігі. Президент Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық ұйымының ауыл шаруашылығы саласына қатысты барлық баста­ма­сын қолдайтынын айтып, мүше-мемлекеттерді Азық-түлік қауіп­сіздігі жөніндегі ислам ұйы­мына (IOFS) қосылуға шақырды. Аталған ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орна­ласқан. Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласының әлеуетін арт­тыру мә­селесіне де тоқталды. Бұл сала пан­демияға қарамастан, ынты­мақ­­тастықтың перспективті ба­ғыт­­тарының бірі болып қала береді. – Қазақстан туристік саланың үлесін 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің 8 пайызына дейін жеткізуді көздеп отыр. Біз Орта­лық Азия елдері мен күллі түркі әлемі үшін қасиетті саналатын Түркістан қаласын белсенді да­мытып жатырмыз. Тек 2020 жыл­дың өзінде қаланың инфрақұ­ры­лымына, Түркістанның туризмі мен логистикасына құйылған ішкі инвестиция шамамен 1 миллиард доллар болды, – деді Президент. Мемлекет басшысы ден­сау­лық сақтау саласы да Қазақстанға ке­летін шетелдік инвестицияға «тар­тылыс орталығы» бола ала­тынын атап өтті. Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға Эконо­микалық ынтымақтастық ұйы­мын­дағы төрағалығының сәтті өтуіне тілектестігін білдірді.