Қазақстанда бір күнде коронавирустан 8 адам қайтыс болды
Қазақстанда бір күнде коронавирустан 8 адам қайтыс болды
355
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды. 44 адам пневмонияға шалдықты.

18 882 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 4 506 адам стационарда, 14 376 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдап жатыр. 226 науқастың жағдайы ауыр, 53 пациенттің жағдайы өте ауыр. 50 адам жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Қазақстанда пандемия басталғалы 216 467 адам коронавирусқа шалдықты. 2 791 адам қайтыс болды.

Былтырдан бері 49 462 адам пневмонияға шалдықты, 635 адам қайтыс болды.