"Тобыл" Қазақстан суперкубогының жеңімпазы атанды
"Тобыл" Қазақстан суперкубогының жеңімпазы атанды
155
оқылды
Қазақстан супер кубогы үшін өткен жарыстың финалында «Тобыл» мен «Астана» командалары кездесті.  Бүгінгі кездесуде қос команда да ойын басынан шабуылға иек артты. Бір-бірінің қақпасы маңынан жиі бой көрсетті. Осындай сәттердің бірінде «Тобыл» футболшысы Сергей Малый 14-минутта елордалық команда қақпасын дәл көздеді. Матчтың 90-минутында Марин Томасов  айыпдобын дәл орындап, командасын жеңілістен сақтап қалды.  Суперкубоктың жеңімпазы тек пенальти сериясында анықталды. «Астана» шабуылшысы Роман Муртазаевтың соққысын қайтарған Александр Мокин командасына жеңіс сыйлады. «Тобыл» тұңғыш рет осындай табысқа кенеліп отыр. «Тобыл» — «Астана» 1:1 (1:0), пенальти 5:4