"Барселона" футбол клубының президенті ауысты
"Барселона" футбол клубының президенті ауысты
136
оқылды
"Барселона" футбол клубының жаңа президенті сайланды. 58 жастағы испан заңгері Жоан Лапорта бұдан былай Испанияның танымал футбол клубын басқарады, - деп хабарлайды Vesti.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоан Лапорта бұған дейін де "Барселона" президенті болған. Ол бұл қызметті 2003-2010 жылдар аралығында атқарды. Осы кезеңде клуб төрт рет Ла Лиганы, екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Жалпы алғанда, 12 турнирде топ жарған. Клуб президентіне кандидаттар қатарында Виктор Фонт пен Тони Фрейша болды. Эмили Руссо мен Аугусти Бенедито сайлауды жалғастырмай, өз кандидатурасын алып тастаған.