Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды
Галышева Алматыдағы әлем чемпионатында күміс медаль алды
165
оқылды
Фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Юлия Галышева күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz. Ақтық сында Галышева 79.52 ұпаймен күміс медаль еншіледі. Ол Олимпиада чемпионы, әлем кубогі кезеңдерінің көшбасшысы, франциялық Перрин Лаффонға есе жіберді. Лаффон ақтық сында 82.11 ұпай алды.Үздік үштікті ресейлік Анастасия Смирнова түйіндеді (79.41). Тағы бір спортшымыз Анастасия Городько алғашқы финалда жарыс жолынан шығып қалды. Айта кетелік, бұл Галышеваның әлем біріншіліктеріндегі екінші жүлдесі. 2019 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында Юлия Галышева жеңімпаз атанған болатын.