15 жастағы Анастасия Городко әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
15 жастағы Анастасия Городко әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
178
оқылды
Алматыда ересектер арасында фристайл-могулдан өтіп жатқан әлем чемпионатында 15 жасар Анастасия Городко кола медаль жеңіп алды. Жас спортшы Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, өз қуанышымен бөлісті.
«Жекелей сыннан гөрі, параллельді могул көбірек ұнайды. Өйткені, мұнда жүлде алатын мүмкіндік көп. Бүгін бәрі ойдағыдай өтті. Әр спортшымен жарысу, оның әлеуетін бақылау маған өте қызық. Алған әсерім тамаша», – дейді Городко. 
Кіші финалда Городко канадалық Софья Гэгнонмен жарысып, қарсыласынан оқ бойы озық болды. Алтын жүлдені ресейлік Анастасия Смирнова, күмісті оның отандасы Анастасия Лазаренко иеленген. Осылайша, Анастасия Городко фристайл-могулдан Қазақстан командасының үшінші медалін жеңіп алды.