Қазақстандық боксшы титулды жекпе-жекте нокаутпен жеңілді
Қазақстандық боксшы титулды жекпе-жекте нокаутпен жеңілді
197
оқылды
Жеңіл салмақтағы титулдық жекпе-жек Болтонда (Ұлыбритания) кәсіпқой бокс кешінде өтті. Қазақстандық боксшы Виктор Коточигов кәсіби мансабында төртінші рет титулдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды sports.kz. Титулдық жекпе-жекте қазақстандықтың қарсыласы ирландиялық боксшы Гэри Калли болды (11-0, 5 КО). Жекпе-жек он раундқа есептелген, бірақ екінші раундта Каллидің Коточиговты ауыр нокаутқа жіберуімен аяқталды. https://www.youtube.com/watch?v=dhamHGbXDbU Гэри Калли үшін бұл жеңіс оның кәсіби мансабындағы он екінші жеңісі болды. Ал Коточигов бұған дейін WBC International белбеуі үшін үш рет кездесу өткізген және қазан айында, британдық Макси Хьюзуге ұпай санымен есе жіберген.