Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қазақстандықтардың қарсыластары анықталды
Олимпиадаға іріктеу турниріндегі қазақстандықтардың қарсыластары анықталды
132
оқылды
Бүгін Катар астанасы Дохада үстел теннисінен Олимпиадаға әлемдік іріктеу турнирі басталды,– деп хабарлайды Olympic.kz. Ерлер арасында 78, әйелдер арасында 63 спортшы Токио Олимпиадасының тоғыз жолдамасына таласады. Олимпиада лицензиясынан үмітті қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары анықталды. Атап айтар болсақ, Айдос Кенжеғұлов Люксембург өкілі Эрик Клодпен, Зәуреш Ақашева уэльстік Шарлотт Кэримен, Анастасия Лаврова италиялық Дебора Вмиравеллимен сынға түседі.  Ал Қазақстан командасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Любомир Япчаржик (Чехия) - Брайн Мутуа (Кения) жұбының жеңімпазына қарсы ойнайды.