Қазақстан мен Грекия: алыс «көршілер»
Қазақстан мен Грекия: алыс «көршілер»
377
оқылды

Биыл Грекия Қазақстан сияқты өз тәуелсіздігінің ме­рей­тойын атап өтуде. Осыдан дәл 200 жыл бұрын, 1821 жыл­дың 25 наурызында, Элладада Осман империясынан тәуел­сіздік үшін ұлт-азаттық күрес басталды, ол әлемнің саяси кар­та­сын­да халықаралық қатынастардың жаңа мүшесі пайда бо­луына жол ашты.

Бұл көтерілістің жаңа заман тарихы үшін маңызын ба­ғалау қиын, себебі ол әлемнің көп­теген халқын өз тәуелсіздігі үшін күресуге шабыттандырған болды. Грекиядан алыс шетсіз-шексіз қазақ да­ла­сында да, сол уақытта Жоламан Тіленшіұлы, Ғұбайдолла Хан, ал бірнеше жыл­дан кейін Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өте­місұлының, Кене­сары ханның басшылығымен қазақ халқы өз бостандығы үшін күреске табанды түрде көтеріле бастады. Бүгінде Қазақстан мен Грекия – әлемдік қоғамдастықтың то­лық­қанды мүшелері және жаһандық, өңірлік ауқымдағы халықаралық ұйымдардың белсенді қаты­су­шы­­­лары. Елдеріміз арасында дип­ломатиялық байланыстар орнаған сәттен бастап ширек ғасырдан ас­там уақыт бойы қарқынды дамып келе жатқан түрлі салада тұрақты екіжақты қатынастар орнатылды. Осы мақалада менің қазақ және грек халқын біріктіретін бір­қатар фактіні атап өткім келеді.

Понт гректері

Тарихи тұрғыдан Қазақстан мен Грекия арасындағы негізгі бай­ланыстырушы буын – понтий­лік­­тер. Гректердің бұл субэтносы – Кіші Азия түбегінің солтүстік-шы­ғы­­сындағы (қазіргі Түркия аума­­ғында) Понт тарихи аймағы­нан шыққан иммигрант­тардың ұрпақ­­тары. ХХ ғасырдың 40-жыл­дарын­­­дағы Кеңес Одағының сая­саты олар­­ды Қара теңіз жаға­лауы, Кав­­­­каз, Оңтүстік Кавказ және Қы­рым­­­да мекендеген аудан­дары­нан қазақ даласына мәж­бүр­леп қоныс­­тан­­­­­ды­­рылды. Нәти­жесінде, 1923 жылы Қа­­зақстан ау­­­мағындағы гректер саны 157 адам ғана болса, 1959 жы­­­лы өз шыңына жетіп, 55 мыңнан асты. Қазақ халқы оларды басқа да Кеңес өкіметінің қысымымен біз­дің жерімізге қоныс аударуға мәж­­­бүр болған өзге халықтарға көр­сеткен қам­қорлық пен қонақ­жай­лы­лық­пен қарсы алды. Өз ке­зе­гінде осы мейі­­­­­­­­рім­ділік үшін алғыс ретінде ең­­­­бек­­қор Понт гректерінің атса­лы­­суы­­мен Қазақ­­станда жүзім, бұр­­шақ, темекі, көк­­өністер мен же­містердің таңдаулы сорттары өсі­рілді. Сол кез­­­дегі рес­пуб­ли­­­­ка­ның халық шаруа­­­шы­­лығында гректер жетіс­­­­тік­­­­­­ке жет­пеген бірде-бір сала болған жоқ шығар. Оған қоса, олардың белсенді қа­­­ты­суымен елі­­міздің оң­­түстігінде Кен­тау қа­ласы са­лынды. Сол гректердің ұрпақтары бү­кіл Қазақстан, тіпті посткеңестік кеңіс­тік үшін де айтулы тұлғаларға айналды. Олардың қатарында эстра­далық әнші әрі музыкалық педагог Лаки Кесоглу, «Қайрат» фут­­бол клубының аңызға айналған ойыншысы Евстафий Пехле­ва­ниди, химик ғалым, академик Георгий Ксандопуло, Қазақ­­стан­ның еңбек сіңірген сәулетшісі Спиридон Космериди және бас­қалары бар. Өткен ғасырдың 90-жылдары көптеген қазақстандық понттіктер өздерінің тарихи отанына қоныс аудара бастады. Бір қызығы, жер­лестеріміз Грекияда да үлкен же­тістіктерге жете бастады. Оған мы­­сал ретінде ұлттық операның солисі Элени Келисиду, танымал әнші және актриса Ирини Папа­допулу, Парламенттің ең жас де­путаты Мария Апатзидині келтіруге болады. Олардың барлығы өздері «екін­ші отанымыз» деп атайтын Қа­­зақстанды ұмытпайды. Дос­тары­мен, көршілерімен бай­ла­нысты үзбей, қазақстандықтар туралы жаңалықтары мен олардың жетіс­тіктеріне жиі қызығушылық та­нытады.

Үлкен грек отбасы

Грекия – еуропалық мемлекет, ал Қазақстан Орталық Азияның жүрегінде орналасқан. Соған қарамастан отбасы мен отау құру мәсе­лелеріне қатысты ділі­мізде қаншалықты ортақ нәрсе бар екені таңғаларлық. Гректер қазақтар сияқты сал­танатты мерекелерді ұнатады. Сон­дықтан дәстүрлі грек үйлену тойын­да қонақтың саны 200-300, тіпті одан да асуы әбден мүмкін. Осындай тойлар міндетті түрде ақ дастарқан басында, әнмен, бимен бірге жүреді. Отбасы  туралы айтатын бол­сақ, Грекияда екі не­месе одан да көп ұрпақтың бір шаңы­рақ астында тұруы таңға­ларлық нәрсе емес. Қа­зақстанда жас жұбайлар күйеуі­нің ата-ана­сымен көбіне бірге тұрады. Грек­тер үшін де бұл үйреншікті жағдай, себебі олар ата-аналарына үлкен қамқорлық пен сүйіс­пен­ші­лікпен қарайды, ал ата-аналары, неме­релерін қатты жақсы көреді.

Тағамдардың алуандығы

Грек асханасы бүкіл әлемде теңіз өнімдерімен, сондай-ақ зәй­түн майын жасау мен қол­данудың бай дәстүрімен танымал. Осыған қарамастан қазақстандықтар теңіз­ге шыға алмайтын әлемдегі ең ірі елдің тумалары, сондай-ақ Қа­зақ­стандағы гректер де, екі елге гас­тро­­­­номиялық экскурсия жа­сайтын болса, өздеріне таныс тағамдарды таба алады. Олардың ішінде Грекияда сув­лаки немесе кондосувли деп ата­­­­­латын Орталық Азия аймағының асханаларына таныс кәуаптар; дө­нер немесе шауырмаға өте ұқсас гирос; долмодакия немесе долма бар. Ең қызығы, грек мәзірінің ара­сынан қазақтың дәстүрлі ас-тағамдарын еске түсіретін асты да табуға болады. Мысалы, ішекке оралған қозының пісірілген ішкі мүшелері кукуреци, шұжық немесе қазыға ұқсас. Немесе тағы бір мы­сал – лукумадес. Оларды бауыр­сақ деп атауға болады. Бір ғана айыр­машылығы, олар дәстүрлі түрде бал немесе қант шәрбатына ба­ты­рылады.

Грек даналығы

Эллиндер туралы айтқанда, ежелгі Грекия философиялық және қоғамдық-саяси ойының Батыс өркениетінің қалыптасуындағы рөлін атап өтпеуге болмайды. Де­мек, оның ізін Шығыс ойшыл­дары мен ақындарының, атап айтқанда, қазақ халқы дана­лары­ның еңбек­терінен де көруге бола­тыны таң­ғаларлық емес. Мысалы, орта ғасырдағы ұлы ғалымдар мен зерттеушілердің бірі Әбу Насыр әл-Фараби Аристо­тель­ден кейінгі екінші ұстаз ретінде танымал. Осындай атаққа ие бо­луы­­на оның ұлы грек ой­шы­лының ең­­­бектеріне түсінік­темелер жазып, олар­­­­ды түсіндірген алғашқы адам болғаны себеп болды. Қазақ әде­биеті өкілдерін еске салатын бол­сақ, Абай Құнанбайұлын атап өтуге тиіспіз. Ұлы ақын грек философы Сократ туралы өзінің 27-ші қара сөзінде ай­­­тады, ал «Ескендір» поэ­­­масында Арис­­­­­­­тотельдің дана­­лығын ерекше атап өтеді. Сонымен қатар мен басқарып отырған Қазақстанның Афинадағы елшілігінің екі ел арасындағы мә­дени диалогті нығайтуға қосқан үлесін де атап өткім келеді. Атап айтқанда, біз Қазақстанның ұлт­тық кітапханасында грек ті­лінде үш жүзден астам ежелгі фо­лиант бар екенін білдік. Аталған мәселені мұра­­ғат және кітапхана ісі са­ласын­­­дағы білікті сарап­шылармен талқы­­­­ла­­­ғаннан кейін елшіліктің баста­­­­масымен және оның белсенді атса­­лысуымен «Қа­зақстан ұлттық кітап­­ха­на­сын­дағы грек тіліндегі кітап­­тар­дың та­қырыптық ка­та­логі» жа­­­­рық көр­ді. Бұл санақтың басты құн­­дылығы – осы тізімдегі көп­теген басылым алғаш рет си­пат­талғаны және каталог жа­салғаны сонымен қатар олардың көбі тіпті Гре­кияның кі­тапхана қорында сақ­талмағаны. Ғылыми орта не­месе қарапайым оқыр­мандар үшін үл­кен қызығу­­­шылық тудыра ала­тын артефак­­­ті­­­лердің ішінде 1815 жыл­ғы Ксе­­но­­­фонт шығар­мала­рының «Париж» ба­сылымы, 1819 жылғы Қасиетті жаз­­­­­басының «Пе­тербург» басы­­­лымы және тағы бас­қаларын ерек­ше атап өтуге болады. Осы мақаладағы қазақ және грек халықтарының мәдениеті, дәс­түрі мен әдет-ғұрыптары ара­сын­дағы ұқ­­­­­састықтарды, әрине толық тізбе деп айтуға болмайды. Алайда менің ойымша, олардың тіпті бар болғаны халықтарымыздың тіршіліктің түрлі саласында өзара тиімді ынтымақ­­тастық үшін бар­лық негіздер бар екенінің дәлелі.

Алексей ВОЛКОВ, Қазақстанның Грекиядағы елшісі