Халықаралық турнирде боксшыларымыз он медаль жеңіп алды
Халықаралық турнирде боксшыларымыз он медаль жеңіп алды
143
оқылды
Бокстан Түркияның Стамбул қаласында өткен халықаралық турнирде қазақстандық былғары қолғап шеберлері он медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан ерлер командасы алты медаль еншіледі. Дархан Дүйсебай (69 келі) мен Абзал Құттыбеков (91 келі) алтын медаль иеленсе, Сағындық Тоғамбай (91 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді. Дамир Әбдіқадыр (52 келі), Болат Ерсұлтан (63 келі), Аятолла Тәкіжанов (75 келі) қола жүлдегерлер қатарында. Қазақстан әйелдер командасы 4 медаль жеңіп алды. Валентина Хальзова (75 келі) финалда ресейлік спортшыға есе жіберіп, күмісті қанағат тұтты. Ангелина Лукас (51 келі), Владислава Кухта (57 келі) және Римма Волосенко (60 келі) қола медаль еншіледі.