Қытайдан келген қыз Нұр-Сұлтанда ауруханаға жатқызылды
Қытайдан келген қыз Нұр-Сұлтанда ауруханаға жатқызылды
Фото: Интернеттен алынды
608
оқылды

Қазақстандық 2003 жылғы қыз Қытайдан оралғаннан кейін Нұр-Сұлтан ауруханасына дене қызуы көтерілуіне байланысты жатқызылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова: «Бүгін Бейжіңнен ұшақ қонды. 2003 жылғы қыз бала ауруханаға жатқызылды. Бүгін таңертең болған жағдай, балалар жұқпалы ауру ауруханасына жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ. Қыз баланы толық тексеру үшін, біз тұмау белгілеріне тексереміз. Оның дене қызуы 37,4 болды, тамағы жыбырлауы анықталған. Бәлкім жай ғана ЖРВИ болуы мүмкін», – деді. 

Қыз баланың тек Бейжіңде болған. Қазір тексеріліп жатыр. Кешке дейін анықталады.

Басқарма басшысының орынбасары елордада жедел штаб пен жұмыс тобы құрылғанын айтты.

«Біз науқастар мен олармен байланыста болған адамдар жатуға арналған қосымша төсектер әзірледік. Барлық емханаларда қосымша сүзгі-кабинеттер ашылды, онда науқастар дереу сол жерге жүгіне алады. Елордада дәрі-дәрмек, қорғану және дезинфекциялау құралдары жеткілікті», – деді Әлия Рүстемова.

Айта кетейік, басқарма қызметкерлері бір ай бойы Қытайдан келгендерге қоңырау шалып, жағдайын біліп отырады. Нұр-Сұлтан қалалық емханалар 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс режиміне ауысты, демалыссыз жұмыс істейді. 

Астана қаласының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Сархат Бейсенова қазір қауіп төнген жағдайда әуежай және вокзалдарда санитарлық-карантиндік бақылау пункттері мен стационарлық тепловизорлар орнатылғанын айтты.

Осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдан келген төрт адам ЖРВИ күдігімен Қазақстанда ауруханаға жатқызылғанын айтты.